К 30-летию Независимости Казахстана | 08 қазан 12:27

«Қазақтелеком» Қазақстан бойынша 300 мыңға жуық ont-терминалды ауыстырады

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин Қарағанды облысына жасаған сапары туралы хабарлады.

Қарағандыға жол түсіп, онда облыс әкімімен өңірдегі интернет сапасын жақсарту мәселелерін талқыладық. Еліміздің түкпір-түкпірінде тұрғындардың тұрақты және жоғары жылдамдықты желіге қосылуы өте маңызды. Қазақтелеком ескірген мыс кабелін заманауи оптикалық сымға ауыстыра отырып, желілік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қарқынды жұмыс істеуде. Бұл әсіресе шалғай аудандарда байланыстың жылдамдығы мен сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік бермек.

 

Іссапарды «Сапа +» жобасы аясында ұйымдастырылған гембамен үйлестірдім, әріптестермен бірге клиенттің үйіне бас сұғып, роутер орнатуға қатыстым. «Сапа +» жобасын іске асыру шеңберінде «Қазақтелеком» операторы бүкіл Қазақстан бойынша 300 мыңға жуық ont-терминалды ауыстырады. Бұл шара барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларды қамтиды, соның арқасында абоненттеріміз үшін байланыс пен интернет қызметтерінің сапасын едәуір жақсарта аламыз.

 

Сондай-ақ, Қазақтелеком қызмет көрсету орталығында тұрғындармен көзбе-көз жүздесіп, клиенттерге жеке кеңес берудің сәті түсті. Жалпы, Қарағанды қаласынан тек жағымды әсермен қайттым!

Дереккөз: Бағдат Мусиннің Facebook парақшасы