Атап айтқанда, Дата-орталықтар желісін дамыту – компанияның басым бағыттарының қатарында. Бүгінгі таңда «Қазақтелекомның» бүкіл ел бойынша 27 деректерді өңдеу орталығы бар, онда 1600-ге жуық тіректер орналасқан. Өткен жылы Алматыда 42 тірекке арналған жаңа модул пайдалануға берілді, ағымдағы жылы 84 тірекке арналған тағы 2 Модуль орнатылады. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін деректер орталықтарының қуатын 428 тірекке арттыру жоспарлануда.
«Виртуалды есептеу ресурстарына сұраныс артып келеді және әр 3 жыл сайын біздің компанияның виртуалды ресурстары 4 есе, ал олардың өнімділігі 14 есе артады. Сондықтан біз келешекте деректерді өңдеу орталықтарының болашақ ресурстарының 50%-ы бұлтты технологияларды дамытуға, атап айтқанда, коммерциялық виртуалды ресурстарды және деректер орталығының базасындағы қолданыстағы жобалардың көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ жаңа бұлтты жобаларды дамытуға жұмылдыруды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Ағымдағы жылға арналған жұмыстың тағы бір стратегиялық маңызды бағыты «Қазақтелеком» шетелде өзінің инфрақұрылымын дамытуға басымдық бермек. Бұл бағытта, жыл соңына дейін Гонконгта қосылу нүктесін немесе POP-торапты іске қосу, сондай-ақ Amazon, Microsoft, Akamai, Tencent, Google және тағы басқа әлемдегі ең ірі IT-компаниялармен тікелей трафик алмасу арналарын, Lumen, PCCW операторларымен Tier-1-мен жаңа түйісу тораптарын ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, компания трафикті кэштеу үшін республика аумағында Akamai, Meta, Google, Tencent, Microsoft және басқаларын орналастыруға және кеңейтуге ниетті. «Қазақтелекомның» тағы бір халықаралық бастамасы «Қазақстан-Әзірбайжан» бағыты бойынша Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу жөніндегі аса ірі және сонымен бірге күрделі жобаны іске асыру болмақ.
«Бұл жоба біздің еліміз үшін өте маңызды деп санаймын, өйткені ол жаңа цифрлық телекоммуникациялық дәліз құруды жеделдету үшін драйвер болады және Азия елдерінен Қазақстан аумағы және суасты кабелі арқылы Әзірбайжанға дейін және әрі қарай Еуропаға шығуға мүмкіндік беретін трафиктің жаһандық ағынының транзиті үшін жоғары жылдамдықты және қорғалған деректерді беру инфрақұрылымын дамытады. Су асты желісінің негізгі бағыты Ақтаудан Әзірбайжанның Сиазанына дейін жалғасады және 340 шақырымнан асады, сонымен қатар ұзындығы 330 шақырымға жуық резервтік арна қазақстандық Құрық портынан Баку маңындағы Бузовнаға дейін салынады», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Сонымен қатар, «Қазақтелеком» басшысы алқа отырысында өзінің «Де-дупликация» жобасы аясында ADSL мыс технологияларынан «оптикаға» 85 000-нан астам абонент ауыстырылғанын және осы бағыттағы жұмыс ағымдағы жылы жалғасатынын, сондай-ақ республикада 5G бесінші буыны байланыс стандартын қолдану перспективалары туралы және «Супермагистраль» атты бүкіл ел аумағы арқылы оптикалық желі салу жөніндегі мега-жобаға қатысты.