Қонаев қаласында ұзындығы 10 шақырым болатын жаңа талшықты-оптикалық желі салынды, оған 780-ден астам мемлекеттік ұйым, шағын және орта бизнес нысандары сәтті қосылды.
«Біз клиенттеріміздің барлығын жоғары жылдамдықты интернет және заманауи телекоммуникациялық қызметпен қамтамасыз етуге тырысамыз. Оптикалық желіні Қонаевта төсеу – бұл байланыс сапасын жақсартып, заман талабына сай келетін цифрлық инфрақұрылымды құруға жасалған маңызды қадам», - деді «Желі» дивизионы бірлестігінің қол жеткізу желісі жөніндегі директоры Ғазинұр Райымханов.
«Тазарту» жобасы аясында 2024 жылдың тамызында Қонаевта талшықты-оптикалық желінің құрылысы басталды. Бастаманы іске асыру барысында 11,2 шақырым магистральдық және 66 шақырым тарату оптикалық кабелі төселіп, сондай-ақ 2400 порт салынды.
Осыған дейін ADSL технологиясы бойынша интернетті пайдаланып келген тұрғындар, бұл 1800-ден астам клиент, жақын арада талшыққа ауысады. Осылайша, қаланы елдегі алғашқы «оптикалық» облыс орталығы деп атауға болады.
Телеком-оператордың мәліметінше, 2024 жылы барлығы 70 мыңнан астам қолданушы «мыстан» «талшыққа» ауысқан.