К 30-летию Независимости Казахстана | 16 сентября 16:36

Қазақтелеком Құлсарыдағы 100 үйді интернетпен қамтамасыз етті

2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін Құлсарыда салынған «Болашақ» жаңа шағын ауданындағы барлық 100 үй «Қазақтелекомның» жоғары жылдамдықты интернетіне қосылу мүмкіндігін алды.

Компания мұнда GPON технологиясы бойынша оптикалық желі салып, әрбір үйді қоныстану кезеңінде-ақ интернетке қосуды қамтамасыз етті. 2024 жылдың көктемінде Құлсары Атырау облысындағы жойқын су тасқынынан ең көп зардап шеккен қалалардың бірі болды. Көптеген отбасы баспанасыз қалды. Олар үшін қалада 100 үйден тұратын жаңа «Болашақ» шағын ауданы салынды. Жаңа шағын ауданда тұрғын үй инфрақұрылымымен бірге заманауи байланыс желісі де пайда болды. «Қазақтелеком» мұнда GPON технологиясы бойынша оптикалық желі салып, әрбір үйді жоғары жылдамдықты интернетке қосу мүмкіндігін қамтамасыз етті.