2014 жылы университетті «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығымен бітіре сала «Қазақтелекомға» монтёр болып жұмысқа тұрды. Көп кешікпей қызметі де өсе бастады: жұмысқа жаңа келген жас маман Оңтүстік ӨТД Жергілікті желілерге техникалық қызмет көрсету орталығының инженері болды, 2017 жылы құрылысты қадағалау жөніндегі 2-санатты инженер дәрежесін алды, артынша Орталықтың жетекші маманы болды.
Кәсіби жетістіктерінен бөлек, Дәурен әлеуметтік өмірге және әріптестерімен қарым-қатынасқа ерекше мән береді. Сондықтан да ол жас қызметкерлердің өзін көрсетуіне мүмкіндік беретін «Z-Telecom» жастар ұйымына қосылды.
«Z-Telecom мені сенімді болуға баулыды, алдыма мақсат қойып, нәтижеге жетуге үйретті. Шаршы топта сөз сөйлеуге батылым бармайтын, соны жеңгеніме қуаныштымын – бұл маған жұмыста адамдармен сөйлесуге көмектеседі», – дейді Дәурен Сейітқұл.
Бүгінде Дәурен Оңтүстік ӨТД кадрлар резервінде тұр. Оның айтуынша, бұл мәртебе қосымша жауапкершілік жүктейді, жаңа белестерді бағындыруға ынталандырады.