Кездесуде «Қазақтелеком» және AzerTelecom портфельдік компаниялары іске асырып жатқан стратегиялық маңызды жоба – Каспий теңізінің түбімен өтетін суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін салуға ерекше назар аударылды. Ұзындығы шамамен 380 шақырым болатын бұл желі Ақтау (Қазақстан) мен Сумгайытты (Әзербайжан) байланыстырып, Каспий өңіріндегі алғашқы суасты желісі болады. Қазіргі уақытта жоба белсенді іске асырылып жатыр.
Ол деректерді сенімді жеткізуді қамтамасыз етіп, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және деректерді өңдеу орталықтары мен халықаралық Big Tech-компанияларды тартуға жағдай жасайды. Кездесу серіктестіктің жоғары деңгейін және тараптардың ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға деген ортақ ұмтылысын растады.
NEQSOL Holding — телекоммуникация, энергетика, жоғары технологиялар, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі салалары бойынша 11 елде қызмет ететін халықаралық компаниялар тобы. «AzerTelecom» компаниясы NEQSOL Holding ұйымына қарасты «Azerconnect Group»-тың құрамына кіреді.