Меморандум:
«Қазақтелеком» қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды; ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласында мамандар даярлауды; оператор қызметкерлерінің ҚБТУ бағдарламаларына қатысуын; ҚБТУ студенттерінің «Қазақтелекомның» ProTelecom бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуін қарастырады.Сонымен қатар, 3-4 курстың үздік студенттері компания қызметкерлері бола алады немесе кадр резервіне кіре алады.
«Телекоммуникациялар – әлемде қарқынды дамыған бизнес-салалардың бірі. Бүгінгі таңда бұл салаға жоғары білікті және даярланған кадрлар қажет. Біздің қызметкерлеріміздің дамуына үлес қосу және болашағы зор студенттерді тарту бізді заманауи технологиялармен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдылары бар сауатты мамандармен қамтамасыз ететініне сенімдіміз», – деді «Қазақтелеком» АҚ персонал, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Берік Битабаров.
«Қазақтелеком» қызметкерлерді оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінде компания қызметкерлері әлемнің жетекші оқу орталықтарында білім алуда:
Executive MBA Назарбаев Универоситетінде және КИМЭПте; General Electric Кембриджде, ВAS University және Сколково.Сонымен қатар, компания базасында персоналдың біліктілігін, білімі мен дағдыларын тұрақты дамытуға жауап беретін Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясы құрылды.
«Өткен жылдың өзінде-ақ «Қазақтелекомның» 23 мың қызметкері біліктілігін арттыру бойынша әртүрлі білім беру платформаларында, курстар мен семинарларда оқудан өтті. Біздің қызметкерлеріміздің алған білімі мен дағдылары бизнесіміздің даму мүмкіндіктерін кеңейтетініне сенімдімін», – деді «Қазақтелеком» АҚ персонал, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Берік Битабаров.