К 30-летию Независимости Казахстана | 17 сентября 11:12

«Қазақтелеком» мен киберполицияның бірлескен жұмысының нәтижелері

«Қазақтелеком» АҚ мен киберполиция бөлімшелерінің күдікті белсенділікті анықтау және жедел пысықтау бойынша бірлескен жұмысы интернет-алаяқтық әрекеттеріне дереу тосқауыл қоюға және қаржылық шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Негізгі нәтижелер:

интернет-алаяқтық бойынша тіркелген қылмыстық істердің саны 14,8%-ға – 17,2 мыңнан 14,6 мыңға дейін төмендеді; 2026 жылы тамызда 2 749 өтініш қаралып, 2 738 абонентке қатысты алаяқтық әрекеттердің жолы кесілді; алдын алынған залал көлемі 282 млн теңгені құрады; полицияның орташа әрекет ету уақыты - 3 сағат.

Бұл ретте ең жылдам әрекет жағдайында сигнал түскен сәттен бастап залалдың алдын алуға дейін небәрі 3 минут уақыт кеткен. Жүйенің тиімділігі Алматы облысында жақында болған оқиғадан айқын байқалады.

«Қазақтелеком» АҚ әзірлеген жүйе арқылы түскен сигналдың арқасында киберполиция қызметкерлері алаяқтар 13 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдеуге көндірген ер адамның орналасқан жерін жедел анықтады.