К 30-летию Независимости Казахстана | 21 желтоқсан 15:50

«Қазақтелеком» назарында – әйелдер көшбасшылығы

Алматы қаласында еліміздің ірі телеком-операторы алғаш рет гендерлік теңдік тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді, оған компанияның 300-ден астам нәзік жанды қызметкерлері қатысты.

Осындай «гендерлік» форматтағы кездесу компанияда алғаш рет өткізіліп отыр, іс-шара белсенді әрі бастамашыл әйел-инноваторларының басын бір ортаға тоғыстырды. 150 адамнан тұратын топ екі күн бойы public talk форматындағы көшбасшы әйел туралы стереотиптерді еңсеру жолдарын, қазіргі қоғамдағы әйелдердің жеке және кәсіби өсу мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ осы саладағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Гендерлік теңдікті нығайту және көшбасшы әйелдерді даярлау – жалпы отандық телеком саласы мен «Қазақтелеком» үшін ғана емес, бүкіл ел үшін өзекті тақырып болып табылады», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Операциялық тиімділік жөніндегі бас директоры Берік Битабаров іс-шараны аша отырып. – Біз Қазақстанның ірі телекоммуникациялық компаниясы ретінде әйелдердің жұмыс процесіне соның ішінде шешім қабылдау процесіне толық қатысуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеміз. Бүгінгідей іс-шаралар әйелдердің басқарушылық құзыретін дамытуға ықпал ететініне, олардың мансап сатысында алға жылжуына көмектесетініне сенімдіміз, ал бұл қадам компанияның басшылық және жауапты лауазымдарға қыз-келіншектерді ұсыну арқылыөз дамуында қосымша серпін алатыны сөзсіз.

Бүгінгі таңда телекоммуникация операторының ұжымында 19 мыңнан астам қызметкер бар, оның 6 мыңы әйелдер. Бұл ретте «Қазақтелеком» басшыларының 30%-ын нәзік жандылар құрайды – яғни компаниядағы 1134 басшылық лауазымның 318-ін әйелдер атқарады. Солардың бірі компанияның Басқарма мүшелерінің бірі – осы жылдың көктемінде тағайындалған «Қазақтелеком» АҚ-ның Бас Қаржы директоры Людмила Атамұратова. Оның жобаны қаржыландыру департаментіндегі қарапайым маманнан бастап, қаржы директоры мен Басқарма мүшесіне дейінгі қызмет жолы өзге әріптестер үшін үздік әрі шабыттандыратынүлгі болып табылады.

Айта кету керек, компанияда мұндай оқиғалар көп, себебі «Қазақтелекомнан» өткен шеберлік сағаттарының әрбір үшінші қатысушысы желілік басшы лауазымын алады немесе Кадрлық резервке тұрады. Мысалы, бөлшек бизнес дивизионы Орталық өңірінің В2С сегментінің коммерциялық директоры Әлия Ескендірова небәрі 3 жылдың ішінде қатардағы маманнан басқарушы деңгейіне дейін көтерілді. Ол бүгінгі іс-шарада өз жетістігінің құпиясымен тыңдаушылармен бөлісті.

«Қазақтелекомға» қызметке орналаса отырып, мен өзім үшін нақты мақсаттар мен оларға қол жеткізу мерзімдерін нақты қойдым: жарты жыл бизнес-процестердің ішкі қыр-сырын түсініп, оған терең бойлауға арнадым, мақсатым оның қалай жұмыс істейтінін ішкі тетіктерін түсіну және жаңа деңгейге шығу, кәсіби өсу. Неліктен жарты жыл: бейімделуге үш ай, ал қалған үш ай – белсенді әрекеттерге арналады. Мен жоспарлаудың осы қағидатын бұрыннан басшылыққа алып келемін және ол өзінің тиімділігін дәлелдеді», – деп атап өтті Әлия Ескендірова.

Әйелдер көшбасшылығының басқа да артықшылықтары туралы шақырылған спикерлер – бизнес-психолог және Executive-coach Елена Демушкина, «Бизнес-педагогика» магистрлік бағдарламасының жетекшісі Наталья Жадко, Ресей білім академиясының академигі Марьяна Безруких және корпоративтік мәдениет және антропология бойынша сарапшы Тимур Ядгаров айтып берді. Бейресми жағдайда қатысушылар «Қазақтелекомдағы табысты әйелдер», «Жұмыста және жеке өмірде эмоционалды шаршауға жол бермеу», «Мидың дамуы туралы нейромифтер», «Иерархияға қарсы қатынастар», «Көшбасшы және тайпа» тұжырымдамасы» бағыттары бойынша кейстермен танысты. Теорияны сонымен қатар тәжірибе толықтырды: командаларға бөлінген мастер-класс қатысушылары гендерлік аспектілерге қатысты мәселелердің оңтайлы шешімдерін табу үшін қарапайым өмірде де, жұмыста да туындайтын нақты жағдайларды пысықтады.

«Алматыға Ақтөбеден келдім, түрлі өңірлерден жиналған әріптестерімді көргеніме қуаныштымын. Талқылау барысында жеке адамның даму тұрғысынан көптеген инсайттар мен пайдалы деректерді білдім, осы дағдыларды жұмыс пен өмірде қуана қолданатын боламын», – деп пкірімен бөлісті «Желі» Дивизионы» бірлестігінің ЕХ analyst маманы Лязира Абдуллина.

Іс-шараға қатысқан компанияның көптеген қызметкерлері әсіресе спикерлермен бейресми пікірлесу және өз әріптестерімен пікір алмасу қызықты әрі пайдалы болғанын атап өтті. Ұйымдастырушылар тренинг форматын ұзын сонар дәрістерден гөрі, бір-бірімен араласуға мүмкіндік беретін интерактивті тәсілді таңдаған болатын. Компания басшылығы барлық өңірлерден келген компания қызметкерлері үшін осындай шеберлік сабақтары тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті. Бұдан басқа, компанияның даму жобалары қызметкерлердің балаларын да қамтиды: 2022 жылдың жазында IT Summer Camp өткізілді, онда 600 баланың ішінен it-сала мен робототехника негіздеріне 600 бала оқытылды, олардың 42% - ы еліміздің әртүрлі өңірлерінен 12-15 жас аралығындағы қыздар болды.