Internet Systems Consortium (ISC) басқаратын бұл сервер Қазақтелеком желісінде үшінші, Қазақстанда тоғызыншы және Орталық Азияда 16-шы болды.
Жаңа сервер DNS сенімділігін едәуір жақсартып, кідірістерді азайтады және аймақтың миллиондаған пайдаланушылары үшін желі қауіпсіздігін арттырады.
«DNS инфрақұрылымын дамыту Орталық Азиядағы және бүкіл әлемдегі пайдаланушылар үшін неғұрлым тұрақты қосылуды қамтамасыз ете отырып, жаһандық интернет жүйесінің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді» - деп түсіндірді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Бұл жоба Қазақтелекомның өңірде цифрлық инфрақұрылымды нығайту бағытында атқарып жатқан жұмыстарының бір бөлігі болып табылады. F-Root сияқты түбірлік DNS серверлерінің басым бөлігін аймақтарға орнату интернет сұранымдарды тезірек орындап, үлкен DDoS шабуылдарынан қорғауды күшейтеді.