К 30-летию Независимости Казахстана | 06 наурыз 13:30

«Қазақтелеком» Павлодар облысының үш ауылына «оптика» жүргізді

«Қазақтелеком» өзінің инфрақұрылымын жаңадан оптикалық желілер жүргізу есебінен дамытуды Павлодар облысында жалғастырды. Жуырда ғана сапалы интернет және басқа да телекоммуникациялық қызметтер мен сервистер Ковалевка, Лозовое, Богатырь ауылдарының 1200-ден астам тұрғынына қолжетімді болды. Компания өңірде 40 шақырым «оптика» салып, сондай-ақ технологиялық жаңғырту бағдарламасы шеңберінде қолданыстағы желілерді жөндеп, ескірген жабдықты ауыстырған болатын.

Успен ауданында орналасқан Лозовое ауылында мал және өсімдік шаруашылығымен айналысатын 800-ден астам тұрғын бар. Үш жыл бұрын салынған «Қазақтелеком» талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылған орта мектеп, аудандық мәдениет үйі, түрлі әлеуметтік нысандар бар. Бұрын ауылда интернет көзі ескірген ADSL мыс желісі бойынша берілетін, максималды жылдамдығы 4 Мбит/с-на дейін тартатын, қазір байланыс желілері қайта құрылғаннан кейін Интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-на дейін өсті.

««Қазақтелеком» өңірлік желілерді жоспарлы түрде жаңғыртуда, әртүрлі ауылдық елді мекендердің шалғайлығына қарамастан, желілік инфрақұрылымды қайта жаңарту жалғасуда. Павлодар облысында 52 мыңнан астам клиент оптика бойынша цифрлық сервистерді пайдаланады, жаңа технологиялық ресурстар абоненттерге қашықтан жұмыс істеуге, онлайн оқуға көмектеседі және жалпы жайлы өмір сүру үшін жағдай жасайды", – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ «Желі» Дивизионы бірлестігінің Павлодар қатынау желісін пайлалану департаменті директоры Рүстем Әбеуов.

Иван Салогуб Лозовое ауылының мәдениет үйінде жұмыс істейді. Оның айтуынша, бұрын веб-беттер «баяу» интернетке байланысты әрең жүктелетін, ал оптикалық желілерге ауысқаннан кейін интернет жылдамдығы бірнеше есе өсті, байланыс тұрақты болды және енді «ауыр» файлдарды еркін жүктеуге болады.

«Біздің ауылдық мәдениет үйінің өз Instagram парақшасы бар, оны біз белсенді жүргізіп жатырмыз. Сол жерден ауыл тұрғындары жаңалықтарды, іс-шаралар кестесін біледі. Мысалы, жақында біз Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай, ауылдық кітапханамен бірлесіп, «Тірі естелік» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік. Ауыл өміріндегі барлық маңызды оқиғаларды танымал әлеуметтік желі парақшасында түсіруге тырысамыз. «Қазақтелекомнан» жылдам интернетпен біз ақпаратты жиі жариялап, парақшаны дамытатын боламыз деп ойлаймын», – деп жоспарларымен бөлісті Иван Салогуб.

Ковалевка және Богатырь ауылдарының тұрғындары интернет жылдамдығының жоғарылауын ескере отырып, телеком-оператордың бес жүзден астам абоненті «оптика» желісіне таңдау жасады.

Клиенттерді ескірген мыс технологияларынан қазіргі заманғы оптикалық желілерге ауыстыру – «Қазақтелекомның» алдағы бірнеше жылға арналған стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Жыл соңына дейін ірі телеком-оператор өңірлердегі мыс желілерінен 53 мыңнан астам абонентті ауыстыруды көздеп отыр, ағымдағы жылы Түркістан, Степногорск, Хромтау, Ақсай, Ақтау, Жаңаөзен, Ақсу сияқты Қазақстанның бірқатар шағын қалаларында «мысты» желілерінен 100% оптикаға ауысу жоспарланған.