К 30-летию Независимости Казахстана | 18 қаңтар 08:00

«Қазақтелеком» роумингке арналған бонустарды ұсынады

Төтенше жағдай кезінде халықты қолдау мақсатында «Қазақтелеком» АҚ барлық абоненттеріне «Тиімді мобильді байланыс» өнімі бойынша роумингке арналған бонустарды ұсынады.

Altel Тиімді мобильді байланысының бонустық пакетінде:

Барлық бағыттарға қоңырау шалу үшін 20 минут; Барлық бағыттарға 50 SMS; 500 МБ интернет-трафик ұсынылған.

Қосымша ақпарат:

Қызмет абоненттік нөмірге тек 1 рет автоматты түрде қосылатын болады; Дауыстық қоңыраулардың, SMS және МБ тарификациясы бірінші кезекте тарифтік топтамадан жұмсалады; Қызметтің әрекет ету мерзімі-31.01.2022 дейін (қоса алғанда); Қызметтің болуын және ресурстардың қалдығын *382#USSD-пәрмені бойынша тексеруге болады.

Activ "Тиімді мобильді байланыс" бонустық пакетінде:

3 ГБ Интернет-трафик Келген елдің ішінде кіріс, шығыс және ҚР шығыс қоңыраулары үшін 30 минут ұсынылған.

Қосымша ақпарат:

Бонустық топтаманың жарамдылық мерзімі-топтаманы қосқан сәттен бастап 20 күн (19.01.2022 ж. дейін іске қосу керек); Бонустық топтама *383*1# пәрмені арқылы қосылады және абонент болу еліне қарамастан, бір нөмір үшін бір рет қана қосыла алады; Бонустық топтама бойынша трафик пен минуттардың қалдығын тексеру *100# пәрмені бойынша қолжетімді; Бонустық топтаманы Роуминг қызметі қосылған жағдайда ғана қосуға болады; Ең алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады.

Акция қолданылатын елдер:

Ресей, Түркия, БАӘ, АҚШ, Германия, Корея, Қытай (Тайваньды қоспағанда), Таиланд, Грузия, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Украина, Чехия, Шри-Ланка, Франция.