Жоба аясында жоғары курс студенттері телекоммуникациялық жабдықты орнатып, баптауға бағытталған практикалық бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алды. Бағдарлама техникалық мамандыққа оқып жатқан 3-4 курс студенттеріне арналған, әрі қатысушыларға телекоммуникацияда нақты жағдайда жұмыс тәжірибесінен өтуді ұсынады.
Energo University университетін қосқанда Қазақстан бойынша 30 оқу орнынан 300-ден астам студент Sapa+ аясында өндірістік тәжірибеден өте алады, бұл олардың кәсіби дағдыларын дамытып, телекоммуникация саласында еңбек жолын дайындықпен бастауға септігін тигізеді.
Sapa + жобасы Қазақтелеком абоненттері үшін желілік жабдықты ауқымды жаңартуды көздейді. Осы бастама аясында компания ескірген роутерлерді заманауи құрылғылармен алмастырады, бұл Wi-Fi интернет жылдамдығын 50-ден 500 Мбит/с-қа дейін арттырып, клиенттерге тұрақты және жоғары жылдамдықты қосылуды қамтамасыз етеді.
Sapa + бастамасы халық үшін байланыс сапасын жақсартуды студенттердің өндірістік тәжірибесімен біріктіре отырып, Қазақстанның телекоммуникация саласын дамытудың жаңа кезеңін білдіреді.