К 30-летию Независимости Казахстана | 16 қыркүйек 09:20

Қазақтелеком Шымкентті сапалы интернетпен толық қамту жұмыстарын жалғастырып жатыр

Қазақстанның үшінші мегаполисінде жеке сектор тұрғындарын сымсыз интернетпен қамтамасыз ету жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Ол үшін Шымкентте FWA технологиясы бойынша 12 базалық станция орнатылып, «Самал-3», «Қызылжар» шағын аудандарының, «Тельман» және «Ақниет» бөлімшелерінің 1200-ге жуық тұрғыны жоғары жылдамдықты интернетке қосылды және жаңа технология бойынша желілермен қамту аймағын кеңейту бойынша жұмыс белсенді жалғасуда.

FWA – кабельді тарту қиын және тиімсіз жерлерде оптикаға балама технология. Пайдаланушылар интернетке LTE желісінің жеке жиілік диапазонын қолдана отырып қосылады. Деректерді берудің кепілдендірілген жылдамдығы секундына 20-дан 50 Мегабитке дейін, бұл қазіргі ADSL технологиясымен салыстырғанда кемінде 2,2 есе көп.

«Интернетке тіркелген сымсыз қосылуға арналған FWA желісі жеке сектордағы үй шаруашылықтары үшін кең жолақты интернет қызметтерін көрсету үшін салынған 2300 МГц (band 40) радиожиіліктің жеке диапазоны бар әлемдегі алғашқы желі болып табылады. Айта кету керек, кей аймақтарға талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту тиімсіз немесе географиялық жағдайға байланысты мүлдем мүмкін емес болып жатады. Міне осындай кезде FWA базалық станциялары таптырмас технология, себебі ол көлемді әрі шығынды көп қажет ететін оптика жүргізу жұмыстарынан құтқарады. Оптика тарту үшін өздеріңіз де білесіздер, жерді қазып, оған үлкен құбырлар салып, соның ішіне талшықты оптикалықжелілерді жүргізеді, бұл өте ауқымды процесс, ал FWA технологиясы жылдам әрі жинақы түрде жүреді», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес дивизионының сату жөніндегі директоры Ринат Джексенов.

Айта кетейік, пилоттық жобаны іске қосу алдында «Қазақтелеком» мамандары технологияны егжей-тегжейлі тестілеуден өткізіп, қосылу кезінде қажетті параметрлерді анықтады. Жоба көпшіліктің үмітін ақтап, жақсы нәтиже көрсетті. Бүгінгі таңда Шымкентте FWA технологиясымен тұрғызылған 12 базалық станция «Самал-3», «Қызылжар» шағын аудандарындағы, «Тельман» және «Ақниет» бөлімшелеріндегі абоненттерге қызмет көрсетеді, онда байланыс сапасына қанағаттанған абоненттер саны күн сайын артып келеді. FWA технологиясымен интернет қостырған абоненттер үшін қондырғы тегін, жабдық жалға беріледі.

Шымкент қаласының тұрғыны Ділбар Атаева көршілерінен жаңа қызмет туралы жақсы пікірлер естіп, FWA сымсыз интернетін пайдалануға шешім қабылдады.

«Қазақтелеком» қызметкерлері маған түсіндіргендей, роутерге бүкіл отбасының гаджеттерін, нақтырақ айтқанда – 16 құрылғыға дейін қосуға болады екен. Бұл ыңғайлы ғана емес, сонымен бірге үнемді. Енді менің ата-анам мен балаларым өз құрылғыларын Wi-Fi арқылы қосты және байланыс жылдамдығы мен сапасына дән риза. Ұлым автокөлік бөлшектерін сатумен айналысады және сатып алушылармен, жеткізушілермен қарым-қатынас жасау үшін интернетті тұрақты пайдаланады. Мен жаңа тағамдардың рецептерін дайындап, көргенді ұнатамын. «Қазақтелекомға» сенімді жоғары жылдамдықты интернет қосып бергені үшін алғыс айтамын», – деп атап өтті Ділбар Атаева.

Ірі телеком-оператор осы жоба бойынша барынша көп қазақстандықтарды желіге қосу үшін жаңа қызметті әрі қарай масштабтауды жоспарлап отыр. FWA желілерін кеңейту бойынша осындай жұмыстар қазір Астана мен Алматыда белсенді жүргізілуде.

«Естеріңізде болса, FWA желісін дамыту бойынша ауқымды жұмыстар өткен жылдың қазан айында Ақмола облысының Қосшы қаласында басталған болатын. Бүгінгі таңда үш мегаполисте орнатамыз деп жоспарланған базалық станциялардың шамамен 50%-ы орнатылды, қалған базалық станциялардың құрылысын жүргізу арқылы FWA желілерімен еліміздің үш ірі қаласында 80 мыңнан астам жеке үй интернетпен қамтылады, ал келесі жылы осы технология бойынша желілердің құрылысын еліміздің тағы 15 облыс орталығында бастауды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Fixed Wireless Access тіркелген сымсыз Интернет технологиясы қалалар мен қала маңындағы жеке сектор үшін өте қолайлы. Негізінен бұл аймақта интернет мыс желілері арқылы келіп тұр, ал бұл технологияның мүмкіндігі тым төмен, ал мысты оптикаға ауыстыру тиімсіз. FWA технологиясы базалық станциядан 900 метрге дейінгі қашықтықтағы радио қол жетімділік арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандықтарға көлемді және шығынды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізбей-ақ телекоммуникация қызметтерін жедел қосуға мүмкіндік береді.