К 30-летию Независимости Казахстана | 07 маусым 16:15

Қазақтелеком солтүстіктегі ауылдарды жүйрік интернертке белсенді қосып жатыр

Еліміздің ірі телеком-операторы республиканың ауылдарын телекоммуникация қызметтеріне қосуды жалғастыруда. Жақында «радиокөпір» технологиясы бойынша жылдамдықты интернет Солтүстік Қазақстан облысының Надежка ауылының тұрғындарында пайда болды. Өңірдің ауылдық елді мекендерін барлық заманауи цифрлық қызметтермен және сервистермен қамтамасыз ету үшін «Қазақтелеком» жыл соңына дейін тағы 10 базалық станция орнатуды жоспарлап отыр.

Надежка ауылы облыс орталығынан 160 шақырым қашықтықта орналасқан. Күні бүгінге дейін 500 тұрғын телекоммуникация қызметтерін пайдалануға мүмкіндіктері болмаған. Ауылдықтар әлеммен байланыс орнату үшін әр түрлі тәсілдердерді қолданған. Бірі қымбат жабдықтар сатып алып, көрші Ресейдің интернетіне қосылса, енді бірі тұрақты ұялы байланыс нүктесін іздеген.

«Біз өз еліміздің байланыс қызметтерін пайдалануымыз керек деп ойлаймын. Сондықтан «Қазақтелекомнан» ауылды жылдамдықты сымсыз интернетке қосу ұсынысы келіп түскенде қуана қолдадым. Интернет желісінің жоқтығы ауыл тұрғындарына қолайсыздықтар туғызды. Әсіресе қазір, үйден шықпай-ақ, уақыт пен қаржыны үнемдей отырып, мемлекеттік қызметтерге қол жеткізіп,сауда жасап, білім алуға болады. Ал біздің мұғалімдер мен оқушылар сабақтарына дайындала алмай, электронды күнделікті толтыра алмайтын», - дейді Надежка ауылының әкімі Эльвира Васильева.

Эльвира Васильеваның өзі Надежкада туып, өскен. Ал оқу орнын тамамдаған соң туған ауылына қайтып келіп, оның өркендеуіне еңбегімен үлес қосты. Ауылдастары оның бұл ынтасын жоғары бағалап, бес жыл бұрын әкім етіп сайлаған.

«Қазір әкімдік әлеуметтік желідеауылдық округтің парақшасын белсенді жүргізуде, тұрғындармен ортақ чат құрылды. «Қазақтелеком» ұсынған интернеттің арқасында мен әрқашан байланыстамын, туындаған мәселелерге жедел әрекет жасай аламы. Ауылдастарымның заманға сай онлайн-қызметтерді және басқа да сервистерді пайдалана алатынына қуантады. Надежкада өмір өзгеріп жатыр», - деп ой бөлісті Эльвира Васильева.

Еліміздің ауылдарына талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы бойынша «ТОБЖ АЕМ» ауқымды жобасы шеңберінде Мағжан Жұмабаев ауданында «оптика» төрт ауылға дейін тартырып, жылдамдықты интернетке 12 мемлекеттік мекеме қосылды. Қазір сол инфрақұрылым негізінде сымсыз желіні қолданумен мәлімет тарату тораптары ұйымдастырылуда.

«Сымсыз қосылу технологиясын қолдану арқылы біз сымды желі құрылысына техникалық немесе экономикалық мүмкіндік жоқ ауылдарға мәлімет тарату қызметтерін ұсына аламыз.Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында «Қазақтелеком» абоненттердің үйіндегі жабдыққа сымсыз сигнал беретін 12 базалық станция орнатты. Ағымдағы жылдыңсоңына дейін жылдамдықты интернетке тағы 10 ауылды қосу жоспарда бар. Жалпы өңір бойынша «радиокөпір» арқылы интернет 47 ауылдық елді мекеннің тұрғындарына ұсынылған», - дейді «Қазақтелеком» АҚ ББД Солтүстік өңірдегі В2С-сегментінің коммерциялық директорыАлексей Шмидт.

Естеріңізге салсақ, «ТОБЖ АЕМ» жобасы бойынша 2018-2020 жылдары талшықты-оптикалық байланыс желісі Солтүстік Қазақстан облысының 61 ауылдық елді мекенге дейін тартылып, 158 мемлекеттік мекемені оптикалық желіге қосылды.