Бүгінгі таңда деректер жіберу және интернетпен қамтамасыз ету үшін қолданылатын мыс желілер ескірген технологиялар ретінде саналады әрі адамның заманауи қажеттіліктеріжылдамдық пен қолжетімділікті тиісті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Мұны компанияның өзі де растайды, өйткені клиенттер өтініштерінің шамамен 70% ADSL пайдаланушыларының тарапынан тіркеледі. Ал абоненттердің трафик пен интернеттің жоғары жылдамдығындағына қатысты өсіп келе жатқан сұраныстарын қанағаттандыру үшін «Қазақтелеком» клиенттерді неғұрлым заманауи оптикалық технологияларға ауыстыруда. Осы мақсатта былтыр инфрақұрылымды қайта құру және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама «Желіні де-дупликациялау» жобасын іске қосты. Бүгінгі таңда ел бойынша телеком-оператордың мыс желілерінің жалпы ұзындығы 137 000 км асады, ал ADSL желілері салынған оптикалық желілермен «қатарлас» қолданылады.
«Жабдықты жаңғырту, сигнал сапасына әсер ететін ескірген технологиялардан бас тарту, «мыстан» «оптикаға» жоспарлы көшуі бұл «Қазақтелекомның» қызмет көрсету сапасын жақсартудағы маңызды қадамдарының бірі. Трафикті талап ететін сервистер саны артқандықтан оптикалық технологияларға көшу бізге алдағы мақсаттар үшін жұмыс істеуге, заманауи байланыс нарығының талаптарына жауап беруге, клиенттеріміздің қажеттіліктерін болжауға және елдің барлық тұрғындары үшін тең цифрлық мүмкіндіктер жасауға көмектеседі» - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ «Желі» дивизионы» бірлестігінің сапа жөніндегі директоры Шыңғыс Құсқамбасов.
Сонымен қатар, талшықты-оптикалық қосылыс «мысқа» қарағанда интерференция мен кедергіге әлдеқайда төзімді, тиісінше деректердің қауіпсіздігі мен қорғалу дәрежесін арттырады. Пайдаланушылар үшін бұл жылдамдығы жоғары интернетті, тұрақты сигналды қамтамасыз етеді және бірнеше қызметтерді, атап айтқанда: цифрлы телевидение, TV+ платформасы, IP телефония, бейнебақылау және т.б. сервистерді бір уақытта пайдалануға мүмкіндік береді. Мәселен, Түркістан облысында телеком-оператор өткен жылы «мыстан» 5,5 мыңнан астам абонентті талшықты желіге ауыстырды. Биыл аталған жұмыс жалғасып тауып, ауыстырып қосу қайталанатын желілерге қосылған көпқабатты үйлерде жүргізілуде, мысалы Шымкент қаласының өзінде дәл осындай үйлердің саны1400 асады.
«Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Түркістан облысында жоспарланған ауысулардың 23% орындалды. Абоненттер үшін де, компания үшін де басты артықшылығы - қызмет көрсетудің ыңғайлылығы. Мысалы, желілердегі ақауларды жою кезінде абонентке екі рет өтініш берудің қажеті жоқ. GPON талшықты-оптикалық қатынау желісі бір кәбілде бір уақытта бірнеше қызметті алуға мүмкіндік береді. Қосарланған техникалық қызмет көрсетуден бас тарту шығындарын оңтайландырады, яғни қашықтағы мультисервистік қол жетімділіктің телефон шкафтарын (МҚТД) - шлюздерін ұстау қажеттілігі болмайды» - деп, хабарлайды «Қазақтелеком» АҚ «Желі» дивизионы»бірлестігі қатынау желісі жөніндегі директоры Ғазинұр Райымқанов.
Компаниядағы желілік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары клиенттік сервис сапасын жақсарту жұмыстарымен қатар жүргізілуде. Өткен жылы сәтті жүзеге асқан пилоттық жобаның негізінде «Қазақтелекомда» Клиенттермен жұмыс цехы жеке бөлімше ретінде құрылды. Жаңа бөлімшеге желілік-кәбілдік цех пен цифрлық желіжолдарға қызмет көрсету цехының жұмыскерлері ауыстырылды. 789 жұмыскер оқудан өтіп, сертификат алды. Жаңа «әмбебап» мамандар клиентке бір рет барған кезде телекоммуникация қызметтеріне қатысты кез келген мәселелерді шеше алады.
«Қазақтелеком» АҚ Коммуникация департаменті