К 30-летию Независимости Казахстана | 03 сәуір 08:21

«Қазақтелеком» Түркістанда 8600 абонентті сапалы интернетке қосады

Қазақстанның ірі телеком-операторы «Қазақтелеком» Түркістан қаласын талшықты оптикалық байланыс желілерімен қамтуда. Республиканың басқа қалаларындағы сияқты облыс орталығына телекоммуникация қызметтері ең заманауи GPON технологиясы бойынша жаңа желілер арқылы ұсынылады. Биыл Қазақстанның мәдени-тарихи орталығында 45 шақырым оптикалық желі салу және 92 көппәтерлі үй мен 31 жеке үй шаруашылығының абоненттерін жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарлануда.

GPON технологиясы – бұл бір желіні абоненттің пәтеріне тікелей тартуға және бір сым арқылы телекоммуникация операторының бірнеше байланыс қызметтерін, атап айтқанда: IP-телефония, жылдам интернет, цифрлық телевидение, бейнебақылау жүйесі, дабыл және т.б. бір уақытта алуға мүмкіндік беретін талшықты оптикалық байланыс желісінің бірі. Бұл технологияның бірқатар басқа артықшылықтары бар: егер бір бөлмеде бірнеше адам бір уақытта бейнені жоғары көрсетілімде қарайтын болса, бұл деректер жылдамдығына әсер етпейді. Яғни, бұл технология абоненттерге үзіліссіз және кедергісіз, тіпті желідегі ең үлкен жүктемелер кезінде де үзіліссіз жоғары сапалы интернет байланысына кепілдік береді.

«Түркістан – Қазақстанның ең көне қалаларының бірі, ол таяу жылдары ішкі және сыртқы туризмнің орталығына айналуы тиіс. Сондықтан еліміздің ірі телеком-операторы ретінде біздің міндетіміз - қала тұрғындары мен қонақтарын сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету және заманауи технологияларға қол жеткізу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау. Бүгінгі таңда Түркістанда 5200-ден астам «Қазақтелеком» абоненті бар. Жаңа желілерді салу есебінен біз GPON технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге және клиенттік базаны 13800 абонентке дейін кеңейтуге ниеттіміз. Бұл жоба Түркістан қаласында телеком-оператордың өз қаражаты есебінен толығымен іске асырылуда және компания үшін стратегиялық маңызды жобалардың бірі болып табылады», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес жөніндегі дивизионының бас директоры Игорь Погребицкий.

GPON технологиясы бойынша оптика салу және клиенттерге цифрлық қызмет көрсету Түркістан облысы құрылған күннен бастап жүзеге асырылып жатқанын атап өткен жөн. Компанияда арнайы адрестік бағдарлама әзірленіп, оған сәйкес желілік құрылыстарды, тарату және магистральдық желілерді салу жұмыстары орындалды, талшықты-оптикалық кәбіл тартылды және жаңа FTTH жабдықтары орнатылды. Оның нәтижесінде 2021 жылдың өзінде Түркістанда 126 үйдің, Кентауда 138 үйдің 1000-нан астам абоненті GPON технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. Сонымен қатар өткен жылдың соңында 500-ге жуық отбасы тұратын 9 үйлік әкімшілік орталықтың «Сырдария» тұрғын үй кешенінде желі құрылысы аяқталды. Осы кешендегі «Қазақтелеком» жаңа абоненттерінің бірі Арай Тұрғанбаеваның отбасы да бар.

«Жоғары жылдамдықты интернеттің келуі тарифтердің қолайлылығы біз үшін үлкен қуаныш. Біздің үйде оқушылар, студенттер көп тұрады, қашықтан жұмыс істейтін адамдар да бар, осы ретте қосылыс сапасы мен жылдамдығы бізге аса маңызды. Мысалы, біздің отбасымызда 3 бала бар және олардың барлығы мектеп жасында. Оқудан басқа, олар сүйікті мультфильмдер мен бағдарламаларды көре алады әрі экрандағы сурет өте айқын. Интернет жылдамдығы бірнеше гаджеттерден бірден қосылуға мүмкіндік береді. Бұл көпбалалы отбасылар үшін тамаша шешім», – дейді «Сырдария» ТК тұрғыны Арай Тұрғанбаева.

Түркістанда үздіксіз әрі жылдам қосылу желісін қамтамасыз ету талшықты-оптикалық желілерді салумен қатар бесінші буын желісін іске қосу арқылы да қамтамасыз етілетінін айту маңызды. Өткен жылы Түркістан қаласында «Қазақтелеком» тәжірибе ретінде 5G базалық станциясын іске қосты. Сөйтіп, түркі әлемінің рухани астанасы өңірдің тұрғындары мен қонақтары үшін жоғары жылдамдықты мобильді байланыс қолжетімді Қазақстандағы бірінші қала болды.

5G желілерін салу «Қазақтелекомды» дамытудағы стратегиялық басымдықтардың бірі және Түркістандағы бұл пилоттық жоба компанияның цифрлық трансформациясы мен Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға негіз болатын бүкіл ел бойынша болашақ хот-сопттардың прототипі болмақ.