К 30-летию Независимости Казахстана | 25 мамыр 08:28

«Қазақтелеком» үздік жобаларын дүниежүзілік экономикалық форумда таныстырды

«Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов Қазақстандағы Дүниежүзілік экономикалық форумның IV өнеркәсіптік революцияның еншілес орталығы ұйымдастырған «Байланыс тұрақты даму жолы» форумына қатысты.

Халықаралық сарапшылар, министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ байланыс операторларының өкілдері азаматтарды телекоммуникациялық қызметтермен және сервистермен қамтамасыз етудегі негізгі проблемаларды, сондай-ақ қалалар мен ауылдардың тұрғындарына интернет тарту процесін жеделдету және оның сапасын жақсарту үшін инновациялық шешімдерді қолдану жөніндегі идеяларды талқылады.

«Қазақтелеком» 2018-2020 жылдары мемлекетпен серіктестікте ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асырды. Оның аясында республика бойынша 828 ауылдық елді мекенді және 2,5 мыңнан астам мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелерді қамти отырып, 14,5 мың шақырымнан астам талшықты-оптикалық байланыс желісі салынды.

Ұялы операторлар, соның ішінде «Қазақтелеком» компаниялар тобына кіретін – Kcell және Tele2 құрған желілік инфрақұрылым негізінде ауыл тұрғындарына мобильді интернет пен байланыспен қамтамасыз ету бойынша тағы бір ауқымды «250+» жобасы іске қосылды. Нұрлан Мейірмановтың айтуынша, барлық қазақстандықтарды тұрғылықты жеріне қарамастан интернетпен қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылым қалыптасты, ендігі міндет мемлекет тарапынан реттеуші тетіктерді оңтайландыру болып табылады.

«Ұялы байланыс операторлары үшін ұялы желіге барынша сапалы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жиілік жолақтарының жеткілікті санын бөлу қажет. Тіркелген операторлар үшін инфрақұрылымға, электр энергиясына қолжетімділікті, кабельдік инфрақұрылымды тарту мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңадан іске қосылатын тұрғын үй объектілерін салу кезінде барлық қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету қажет. Біз бұл ұсыныстарды құрылыс ұйымдарына арналған ҚНжЕ енгіздік», – деді «Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.

Сондай-ақ, Нұрлан Мейірманов Қазақстандықтарды интернетпен қамтамасыз ету бағытында компания іске асырып жатқан жобалар туралы айтып берді. Атап айтқанда, «Қазақтелеком» қазіргі таңда GPON/XGS PON және FWA технологиялары бойынша желілерді белсенді түрде дамытуда. Мәселен, қазіргі уақытта республика бойынша телеком-оператор Gigabit PON бойынша жүйрік Интернетке жарты мыңнан астам көп пәтерлі үйді қосқан.

Бұл технология бойынша «Қазақтелекомның» магистральдық желісімен қосатын әрбір пәтер үшін арнайы арна құруды көздейді. Сондықтан, GPON желісіне қосылған абоненттер үшін Интернет жылдамдығы әрдайым тұрақты, жылдам және артық жүктемелерсіз қалады. Сонымен қатар, бір кабель арқылы пайдаланушыға бірден бірнеше қызметті қосуға болады: теледидар, телефония және 500 Мбит/с жылдамдықпен интернет.

Ірі телеком-оператор мұндай желілерді өрістетуді өткен жылы бастады және осы технология бойынша алғаш рет жылдамдығы жоғары интернет Ақмола облысының Қосшы қаласында пайда болды, содан кейін базалық станция 80 мыңнан астам адам тұратын астаналық Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында, ал Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласының Алғабас ауданында орнатылды.

Енді «Қазақтелеком» Қосшы қаласында, Оңтүстік-Шығыс, Үркер, Көктал 1 шағын аудандарында, Жібек жолы, Қоянды, Қаражар, Талапкер ауылдарында, Мичурино, Железнодорожный, Интернациональный, Промышленный, Заречное, Күйгенжар, өндіріс, Тельман, Пригородный тұрғын үй алаптарында, сондай-ақ Агроқалашық, Кирпичный аудандарында FWA желісін салу және дамытуды жоспарлап отыр.

Компания бүгінде бесінші буын байланысын дамыту тұжырымдамасын әзірлеп, Астана мен Алматыда тестілеу өткізді, ал өткен жылы телеком-оператор Түркістанда 5G базалық станциясын іске қосты, 5G-хот-спот-аймақ сондай-ақ Astana Hub ІТ стартаптар халықаралық технопаркінің аумағында жұмыс істейді.

«5G – бұл ұялы байланыс технологиясы ғана емес, сонымен қатар соңғы тұтынушыларға, соның ішінде тіркелген желілерге кіруді ұйымдастырудың жаңа әдістерінің бірі. Осылайша, технологияны мобильді және тіркелген интернетке қол жеткізу үшін барынша бейімдеуге болады. Заңнамалық деңгейде технологияларды пайдалануға көбірек мүмкіндік беру қажет», – деді «Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.

Дүниежүзілік экономикалық форумның IV өнеркәсіптік революция орталығы Қазақстанда өткен жылдың шілде айында ашылған және үкімет пен бизнесті, озық технологиялық стартаптарды, азаматтық және ғылыми қоғамдастық пен халықаралық ұйымдарды біріктіретін жаһандық тұғырнама ретінде жұмыс істейді. Бұл ұйым Қазақстанның инновациялық дамуына жаңа серпін беретін озық технологияларды енгізу үшін қолайлы орта құруға арналған, сондай-ақ деректер саясаты, заттар интернеті және басқа да басым бағыттар бойынша бастамаларды орындау процесіне белсенді түрде араласып келеді.