«Біз «Самұрық-Қазына» қоры өзінің қоржын компаниялары арасында өткізіп жатқан «Мен екпе алдым» науқанына қатысып жатырмыз. Бүгінде «Қазақтелекомда» 20,5 мың адам жұмыс істейді. Біздің қызметкерлер күнде көптеген адаммен сөйлеседі, кездеседі, сондықтан өздері де клиенттері де абайсызда COVID-19 жұқтырып алуы мүмкін. Соның алдын алу үшін бүгінге дейін «Қазақтелекомның» 2 мың жұмыскері вакцина алып үлгерді», – делінген жазбада.