К 30-летию Независимости Казахстана | 19 ақпан 11:56

«Қазақтеңізкөлікфлоты»: жоспар асыра орындалды

2020 жылы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК тасымалдаған мұнайдың жалпы көлемі 8 990 мың тоннаны құрап, өндірістік жоспар 161% орындалды, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Каспий аймағында ҚТКФ өз флотымен 629 мың тонна мұнай тасымалдады немесе жоспарды 116% асыра орындалды. Белгіленген меже 540 мың тонна мұнай тасымалдау болатын.

Қара және Жерорта теңіздерінде мұнай тасымалдау бойынша өндірістік көрсеткіштер 2020 жылы 8 361 мың тоннаны құрап, жоспарланған 5 040 мың тоннадан 166% асыра орындалды.

Жалпы, Covid-19 пандемиясына байланысты шектеулерге қарамастан 2020 жылғы өндірістік жоспар 161% артық орындалды.