К 30-летию Независимости Казахстана | 29 августа 20:09

Қазақтеңізкөлікфлоты Маңғыстау облысының жұмыссыз азаматтарын жұмыспен қамтыды

ҚМГ-ның еншілес компаниясы — Қазақтеңізкөлікфлоты Маңғыстау облысының жұмыссыз азаматтарын оқытып, жұмысқа қабылдады. 

 

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы (ҚТКФ) Маңғыстау облысының 12 жұмыссыз азаматын теңіз ісіне оқытып, жұмыспен қамтыды. Бастамаға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдау көрсетіп, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында, сондай-ақ теңіз мамандықтарын дәріптеу мақсатында іске асырылды.

Іріктеу кезеңі биыл мамыр айында өтті. Содан кейін 12 үміткер «Marine Bolashak» мамандандырылған оқу орнына «теңізші» және «моторист» мамандықтары бойынша қысқа мерзімді курстарға жіберілді. Оқуды аяқтап, емтихандарды сәтті тапсырып, барлық қажетті теңіз рұқсат құжаттарын алғаннан кейін 2025 жылдың 13 тамызынан бастап бағдарламаның 11 қатысушысы ҚТКФ-ның мұнай құю танкерлері мен контейнерлік кемелеріне жұмысқа қабылданды. Бір үміткер оқуын жалғастырып жатыр.

Тамыз айында 11 маманның алтауы вахтаға кетті, қалған бес адам қыркүйек айында оларды ауыстырады.

Жалпы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өз қызметін жүргізетін өңірлерде жұмыспен қамтуға бағытталған бастамаларды белсенді іске асыруда.