К 30-летию Независимости Казахстана | 08 тамыз 14:33

Қазақтеңізкөлікфлоты Транскаспий бағыты бойынша 100 мың ЖФЭ жүк тасымалдады

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС биылғы 7 ай ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы 25,5 мың жиырма футтық контейнерлерді тасымалдады.

Бұл 2023 жылғы қаңтар-шілдедегі көрсеткішпен салыстырғанда 2,4 есеге — 10,6 мың ЖФЭ-қа артық. Нәтижесінде тамыз айының басында-ақ Қазақтеңізкөлікфлоты 100 мың ЖФЭ көрсеткішіне жетті. Ақтау — Баку фидерлік желісі 2019 жылы сәуірде іске қосылып, сол уақыттан бері Қазақтеңізкөлікфлоты бұл бағыт бойынша жүк тасымалдап келеді.

Басқа бағыттары бойынша да көрсеткіштер артты. Аталмыш кезең ішінде Каспий теңізі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 1 292 мың тоннаны құрап, былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,9 есеге ұлғайды (332 мың тонна). Ақтау — Баку бағыты бойынша мұнай тасымалдау 75%-ға 246 мың тоннадан 431 мың тоннаға дейін өсті.

Ашық теңіздерде мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі жыл басынан бері 6,7 млн тоннаға жетті, бұл өткен кезеңнің көрсеткішінен 14%-ға артық (5,9 млн тонна).