Акция «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Жастар кеңесінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жариялаған Экология жылы аясында ұйымдастырылды.
Компания қызметкерлері үшін әр түрлі қайырымдылық акцияларына қатысу дәстүрге айналған. Сәбилер үйінің балаларына қамқорлық жасау, мерекелерімен құттықтау, қандай да бір көмек көрсету соңғы бірнеше жыл бойына тұрақты жалғасын тауып келеді.
Сәбилер үйінің аумағында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК арналған арнайы аллеяның орын алуы компания ұжымы үшін үлкен қуаныш, мәртебе.
Ағаштарды суару, өңдеп, олардың жағдайын бақылау да назарда. Соңғы жылдары бұрын отырғызылған жеміс-жидек ағаштары өз өнімдерін беріп, кішкентай бүлдіршіндерді де қуантуда.
Биыл да ұжым мүшелері Сәбилер үйінің аумағын абаттандырып, денсаулыққа пайдалы ағаштар мен раушан гүлдерін отырғызды.
Компания ұжымы осындай шарапаты мол істердің балалардың денсаулығына оң әсер етіп, олардың мейірім мен жылулықты, махаббат пен қолдауды сезінулеріне септігін тигізеді деп сенеді.