К 30-летию Независимости Казахстана | 16 тамыз 12:01

Қазақтеңізкөлікфлотының буксирі Saudi Aramco компаниясына пайдалануға берілді

Бүгінгі таңда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС-нің «Ембі», «Талас» және «Ырғыз» — үш буксирі Парсы шығанағында әлемнің ірі мұнай компаниялары нысандарының жұмысында белсенді пайдаланылып келеді.

Айталық, «Ырғыз» буксирі Saudi Aramco компаниясының жобаларына қызмет көрсетеді, бұл «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық кеме қатынасы компаниясы флотының жоғары халықаралық талаптарға сай екенін айқындайды.

Еске сала кетсек, былтыр «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Abu Dhabi Ports Group (БАӘ) арасындағы ынтымақтастықты кеңейту аясында қос компанияның еншілес мекемелері — Қазақтеңізкөлікфлоты мен OFCO Offshore International қазақстандық сүйреткіш кемелерді жалға беруге үш жылдық келісімшарт жасасқан болатын.

Буксирлерді жалға беру «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясына Парсы шығанағының теңізде қызмет көрсету нарығына шығуға, табысын арттыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.