К 30-летию Независимости Казахстана | 20 шілде 15:25

Қазатомөнеркәсіп 2022 жылдың дивидендтерін төлеу аяқталғаны туралы хабарлады

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ 2023 жылғы 17 шілдеде басталған 2022 жылдың дивидендтерін төлеу Компанияның 2023 жылғы 14 шілдедегі жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минутта (GMT+6) тіркелген бағалы қағаздарын ұстаушылардың атына 2023 жылғы 19 шілдеде аяқтағаны туралы хабарлайды. Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданған шешімге сәйкес (2023 жылғы 25 мамырдағы №2 хаттама) дивидендтік төлемдердің жалпы сомасы 200 970 248 407,04  (екі жүз миллиард тоғыз жүз жетпіс миллион екі жүз қырық сегіз мың төрт жүз жеті теңге 4 тиын) теңге мөлшерін немесе бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері (бір ЖДҚ бір жай акцияға тең) 774,88 теңгені құрады.

Әртүрлі юрисдикцияларда дивидендтерді бөлу бойынша неғұрлым толық ақпарат алу үшін акционерлер тікелей өз брокерлеріне жүгіне алады.

Дивидендтер төлеу бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі тіркелген күнгі жағдай бойынша "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – KCSD) жүйесінде көрсетілген акционерлердің және/немесе номиналды ұстаушылардың банктік шоттарына жүзеге асырылады.

Белгіленген тәртіппен дивидендтер алу мақсатында акционерлер өздерінің банктік деректемелерінің дұрыстығын куәландыру үшін қызмет көрсететін брокерлік ұйымға жүгінуі, ал қажет болған жағдайда оларды өзектендіруі қажет. Акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, оған тиесілі дивидендтерді компания KCSD талап етілмеген ақшаны есепке алу жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес KCSD есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін арнайы шотқа аударатын болады.