Бүгінде компания уран өндірісі мен ядролық отын циклі бойынша толыққанды өндірістік тізбекті дамытып, сирек металдар қорын кеңейтуге, халықаралық серіктестікті нығайтуға және жаңа нарықтарды игеруге жүйелі түрде үлес қосуда. Өндірістік қауіпсіздік, экологиялық жауапкершілік, инновациялар мен ғылымды дамыту, өңірлердің әл-ауқатын арттыру және адами капиталға инвестиция салу – Қазатомөнеркәсіп қызметінің басты басымдықтары.
22 мыңнан астам кәсіби маманның еңбегімен компания төмен көміртекті энергетиканың дамуына үлес қосып, әлемнің ондаған елдерін сенімді ядролық отынмен қамтамасыз етіп келеді.
29 жыл бойы – сенімділік, тұрақты даму және жаңа жетістіктер жолында. Туған күніңмен, Қазатомөнеркәсіп!