К 30-летию Независимости Казахстана | 22 маусым 08:10

Қазатомөнеркәсіп акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болды

«Қазатомөнеркәсіп « ұлттық атом компаниясы» АҚ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір негізгі мәселе бойынша дауыс беру нәтижелерін жариялады.

АКЖЖ өткізу кезінде орналастырылған акциялардың жалпы саны 259 356 608 құрады. 2023 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша акционерлердің тізіміне, сондай-ақ акционерлердің иелігіндегі номиналды ұстаудағы акциялардың меншік иелері туралы мәліметтерге сәйкес Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы саны  219 719 594 дана. АКЖЖ-да Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 99,25% құрайтын,  жиынтығында   218 068 607 қарапайым акцияны иеленетін акционерлері және олардың уәкілетті өкілдері дауыс берді.

АКЖЖ отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір негізгі мәселе бойынша акционерлердің дауыс беріп, шешімдер қабылданды.

Директорлар кеңесінің жаңа құрамына Директорлар кеңесінің өз функцияларын орындауы үшін қажетті кәсіби білімі, дағдылары мен тәжірибесі бар және Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне қойылатын барлық өлшемшарттарға сәйкес келетін екі жаңа тәуелсіз директор - А. А.Аргингазин мен Н. Сидиков қосылды.

Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы болып А. А. Аргингазин сайланды. Аргингазин А. А. мырза Қазақстандағы халықаралық банк құрылымдарында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар және Қазақстандағы ABN Amro-да metals and mining бөлімінің басшысы болған.

Нодир Сидиков - Ұлыбритания азаматы және Ұлыбританиядағы халықаралық заң компаниясында 15 жылдан астам тәжірибесі бар, энергетика жөніндегі халықаралық келіссөз жүргізушілер қауымдастығының (aien) мүшесі, сондай-ақ Британдық-қазақстандық заң қауымдастығының атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады.

Бұрын хабарланғандай, Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор Н. Логфэллоу, аға тәуелсіз директор Р.Банхам, сондай-ақ тәуелсіз директор М. Кэшер 2023 жылдың мамыр-маусым айларында өз қалаулары бойынша өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатты, бұл 2020 жылы сайланған Директорлар кеңесінің өкілеттіктерінің аяқталу мерзіміне сәйкес келді.

«Самұрық-Қазына» АҚ атынан Нил Лонгфэллоу мырзаға, Рассел Бэнхамға, сондай-ақ Марк Кэшерге компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді, - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жакупов. – Олардың кәсіби этика мен ар-намысқа деген адалдығы, ашықтығы мен шыншылдығы, сондай-ақ ерекше нәтижелерге қол жеткізуде көрсеткен қолдауы баға жетпес. Бүгінгі таңда Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік басқарудағы іргетасы, әртүрлі стандартты емес жағдайларды шешудің әдістері мен тәсілдері біздің тәуелсіз директорларымыздың жоғары ықпалының арқасында қаланған. Бүгін Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту уақыты келді, бұл да Компанияның табиғи дамуының белгісі іспеттес. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атынан және өз атымнан оларға барлық жақсылық пен болашақта табыс тілеймін.

Сондай-ақ, "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ командасына қосылған Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін жылы қарсы алғым келеді. Олардың тәжірибесі барлық акционерлер үшін компанияның ұзақ мерзімді құндылығын құру бойынша тұрақты жұмыста пайдалы болады».

Аргингазин мырза Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына сайланғанына ризашылығын білдірді. «Мен команданын мүшесі болу мүмкіндікті жоғары бағалаймын. Қазатомөнеркәсіп уран нарығының жетекші компаниясы мәртебесін бекітті, мен компанияның табысты қызметін жалғастырып қана қоймай, оның табысты, орнықты және жетекші компания ретінде одан әрі дамуына жәрдемдесу үшін Директорлар кеңесімен және Қазатомөнеркәсіп басшылығымен жемісті ынтымақтастыққа сенемін».

Сондай-ақ, АКЖЖ шешімімен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясының ірі акционерінің өкілі Н.Н. Нурбаева ханым Компанияның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды және «Самұрық-Қазына» АҚ ұсынысы бойынша Е. М. Отыншиев мырза енгізілді.

Компанияның Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлауға байланысты 2023 жылғы маусымда Компанияның Директорлар кеңесінің алдағы отырысында Компанияның директорлар кеңесі комитеттерінің жаңа құрамдарын айқындау жоспарланған.