Қатысу үлесін сату «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамына меншік құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтерін сату, қайта құрылымдау және мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы шешімімен бекітілген мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттық өткізу регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
Өткізілетін сауда-саттық туралы ақпарат www.e-auction.gosreestr.kz сайтында орналастырылған.
Әлеуетті инвесторлардың үлкен тобының аукционға қатысуын қамтамасыз ету үшін мереке күндерін ескере отырып, өткізілетін сауда-саттық туралы хабарлама мерзімі күнтізбелік 15 күннен 45 күнге дейін ұзартыла отырып, www.e-auction.gosreestr.kz порталында жарияланатын болады.