К 30-летию Независимости Казахстана | 19 мамыр 09:19

Қазатомөнеркәсіп басшысы BofA конференциясында компанияның 2023 жылға болжамдарын баяндады

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов 16-18 мамыр аралығында Испанияның Барселона қаласында өткен Bofasecurities Global Metals, Mining & Steel 2023 конференциясында сөз сөйледі.

Компания басшысы уран нарығына шолу жасап, Қазатомөнеркәсіптің қызметі мен стратегиясы, өндіріс және сату көлемі, жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіру, ESG қағидаттарын ұстану, сондай-ақ компанияның 2023 жылға арналған болжамдары туралы баяндады.

BofA Securities Global Metals, Mining & Steel – жыл сайынғы іс-шара, оған әлемнің түкпір-түкпірінен металлургия және тау-кен өнеркәсібінің көшбасшы компаниялары мен институционалдық инвесторлары қатысады. Конференцияда тау-кен-металлургия секторы үшін неғұрлым өзекті мәселелер талқыланып, одан әрі дамудың негізгі бағыттары айқындалады.