К 30-летию Независимости Казахстана | 01 маусым 08:45

Қазатомөнеркәсіп басшысы Sumitomo Corporation өкілдерімен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов ТМД бойынша Sumitomo Corporation бас басқарушысы және Sumitomo Corporation Central Eurasia (Sumitomo Corporation еншілес компаниясы) президенті Харуо Мацузакимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Түркістан облысындағы Мыңқұдық кен орнының «Батыс» учаскесінде уран өндіруді жүзеге асыратын «АППАҚ» ЖШС Қазақстан-Жапония бірлескен кәсіпорнының ағымдағы және одан әрі даму мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар атом саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырып, екіжақты қатынастарды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.