Сапар барысында Компания басшысы «РУ-6» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС, «КАТКО» БК» ЖШС, «СКК» ЖШС ОЖТБ филиалы, «Волковгеология» АҚ ГТО және ГРЭ-5 филиалдары, «Семізбай-U» ЖШС-тің Иркөл кенішіндегі вахталық жұмысшылардың еңбек және тұрмыстық жағдайларымен танысып, еңбек ұжымдарымен кездесті.
Мәжит Шәріпов Компанияның барлық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың ұйымшылдығы, өзара қолдауы мен кәсібилігі пандемия мен қаңтар оқиғалары кезінде атом холдингінің өндірістік қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге көмектескенін атап өтті.
Жұмыскерлердің әл-ауқаты, қауіпсіздігі және денсаулығы Қазатомөнеркәсіптің басты құндылығы болып қала береді. Компания лайықты жағдай жасау және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша жоспарлы жұмысты үздіксіз жалғастырады. Сапалы арнайы жұмыс киімімен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында барлық еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметкерлері үшін арнайы жұмыс киімінің бірыңғай стандарты енгізілетін болады.
Сондай-ақ өндірістегі қызметкерлерді тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту (ЕТҰ қызметкерлері үшін медициналық сақтандыру пакеттерін біріздендіру) бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қазатомөнеркәсіп басшысы ЕТҰ қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға және еңбек жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді орындауға бағытталған жұмысты жалғастыруды тапсырды.