К 30-летию Независимости Казахстана | 23 желтоқсан 15:31

Қазатомөнеркәсіп білім беру бағдарламаларын қолдайды

Қазатомөнеркәсіптің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бір бағыты – білім беру бағдарламалары.

Мысалы, атом холдингінің өз Murager бағдарламасы аясында Түркістан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының түлектеріне компаниядан оқуға гранттар беріледі.

Сонымен қатар, компания жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде Қазақстанның бейінді жоғары оқу орындары мен колледждерінде студенттерді оқытуды қаржыландырады.

 

Бұған қоса, атом холдингі қызметкерлерінің балаларында жазғы демалысты IQanat High School of Burabay лагерінде өткізуге мүмкіндік бар.

Ол үшін Қазақстан тарихын, математиканы, географияны, ағылшын тілін және Қазатомөнеркәсіптің қызметі туралы хабардарлығын бағалайтын байқаудан өту қажет.