«2020 жылы тау-кен дайындық жұмыстарын жүргізуде кідірістер туындаған жағдайда (пандемияның одан әрі дамуы, ауа-райы жағдайлары, бұрғылау қондырғыларының қолжетімділігі және т.б.) бұл 2021 жылы қорларды әзірлеуге және өндіру жөніндегі жоспарларға әсер етеді, алайда 2020 жылғы өндіріс көлеміне әсер етпейді. Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемі бойынша 2020 жылға арналған болжамдары 100% негізде өзгеріссіз қалады және 19 000 - 19 500 тонна U3O8 құрайды (10 500-10 800 U3O8 тонна Қазатомөнеркәсіптің қатысу үлесіне пропорционалды)» делінген компания есебінде.
Коронавирус пандемиясына байланысты өндірістегі қызметкерлердің санын барынша азайтуға байланысты компанияның операциялық белсенділігі төмендегені белгілі. Ол төрт айға созылып, тамыз айынан Қазатомөнеркәсіптің барлық тау-кен өндіру кәсіпорындарында кен орындарын игеру қызметі қайта басталған болатын.
Компанияның көптеген уран өндіруші кәсіпорындары үшін бұрғылау жөніндегі қызметтерді қажет болған жағдайда жеке бұрғылау мердігерлерін тарта отырып, Қазатомөнеркәсіптің бұрғылау және барлау жөніндегі еншілес компаниясы – «Волковгеология» АҚ жүзеге асырады. Қазатомөнеркәсіп компанияның пандемиямен түзетілген 2020 жылға арналған өндірістік жоспарларына қол жеткізу үшін кәсіпорындар арасында қажетті бұрғылау қондырғылары мен персоналды бөлуді тиімді әрі пәрменді басқарады.