«Буденовское кен орнының жаңа учаскесі одан әрі игеру үшін перспективалы объекті және ол уранның минералды-шикізат базасын ұлғайту жөніндегі компанияның стратегиясы үшін түйінді мәнге ие. Маңызды уран ресурстарының болуы, қолайлы геологиялық жағдайлар және дамыған инфрақұрылым ұзақ мерзімді пайдалану үшін бірегей мүмкіндіктер жасайды. Бұл жоба Қазатомөнеркәсіптің жаһандық көшбасшы ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін», - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Буденовское кен орны Кенце-Буденновск металлогендік аймағындағы Мыңқұдық кенді ауданының бір бөлігі және оңтүстік бағытта Инкай кен орнының жалғасы болып табылады.
Кен орнының оңтүстік қапталының солтүстік-шығысында орналасқан №5 учаске одан әрі игеру үшін айтарлықтай әлеуетке ие. Осы учаскедегі уран ресурстары 18 000 тоннадан астам деп бағаланады және егжей-тегжейлі барлау жұмыстарын жүргізу үшін айтарлықтай перспективаларды көрсетеді. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін ресурстар мен қорлар нақтыланып, анықталған ресурстардың айтарлықтай өсуі мүмкін. Кен орнының оңтүстік бөлігіндегі кендер жоғары аумақтық өнімділікпен сипатталатынын атап өткен жөн.
Учаскедегі одан кейінгі жұмыстар ресурстарды нақтылауға және өндіру жоспарын әзірлеуге бағытталатын болады, бұл оның әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Аталған іс-шаралар компанияның ұзақ мерзімді жоспарларын табысты іске асыруды қамтамасыз етеді және Қазақстанның уран өндіруші саласын дамытуға ықпал ететін болады.
Қазатомөнеркәсіп барлық мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді құндылық жасай отырып, уран өндіруші өңірлерде ұзақ мерзімді тұрақты өсуді, әлеуметтік тұрақтылықты дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында уранның жаңа перспективалы учаскелерін іздеу жөніндегі белсенді жұмысын жалғастыра береді. Бұл күш-жігер компанияның позициясын нығайтуға және болашақта уран нарығының өсуінен әлеуетті пайда алуға көмектеседі.