К 30-летию Независимости Казахстана | 09 қараша 10:01

Қазатомөнеркәсіп CNUCL компаниясымен уран жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарт жасасты

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ China National Uranium Company Limited – CNUC (China National Nuclear Corporation – CNNC еншілес ұйымы) компаниясымен қазақстандық табиғи уран концентратын жеткізу жөніндегі келісімшартқа қол қойды.

Қытайлық ірі энергетикалық компаниясымен жасалған бұл келісімшарт Қытайдың таза, көміртексіз электр энергиясына деген өскелең қажеттілігін қамтамасыз етуге және екі ел арасындағы атом саласындағы тарихи ұзақ мерзімді қатынастарды нығайтуға ықпал ететін болады.

«Қазатомөнеркәсіптің нарыққа бағдарланған стратегиясы барлық мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді құн құру мақсатында табиғи уран концентраттарын өндіруге, өңдеуге және сатуға бағытталған. CNUC сияқты ірі қытайлық энергетикалық компаниялардың бірімен тығыз ынтымақтастық орнату Қазатомөнеркәсіптің әлемдік ядролық отын нарығында сенімді және таңдаулы жеткізуші ретіндегі орнықты беделін білдіреді», - деп толықтырды «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ стратегия және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Сейітжан Жәнібеков.

CNUC компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшартқа 2023 жылғы мамырдағы акционерлердің жылдық жалпы жиналысында бұрын мақұлданған мәміле шеңберінде Шанхай қаласында өткен China International Import Expo 2023 көрмесінде қол қойылды. Келісімшарттың көлемі мен коммерциялық шарттары құпия әрі коммерциялық тұрғыдан сезімтал болғандықтан көпшілікке жария етілмейді.