Ұлттық атом компаниясының құнды қағаздарының бағасы Лондон қор биржасында бір ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхат) үшін 75 доллардан асып, ең жоғары көрсеткішіне жетті.
2018 жылы IPO-ға шыққан сәттен бастап компанияның нарықтық капитализациясы 3 млрд-тан 19 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайған. Ал соңғы бір жыл ішінде капитализация өсімі 96,5%-ды құрады.