Астанада Еңбек күніне арналған «Еңбек – Ел мұраты» республикалық форумы өтті. Ауқымды іс-шара барысында жұмысшы мамандық өкілдері көп жылғы адал еңбегі мен ел экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін марапаттарға ие болды.
Салтанатты ұлықтау рәсімі кезінде Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны «Семізбай-U» ЖШС слесарі Оралбай Құсайынов «Құрмет» орденімен марапатталды. Білікті маманның жалпы еңбек өтілі 33 жылды құрайды.
Мемлекеттік награда Оралбай Айтпайұлының кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігінің, сондай-ақ, кәсіпорын мен өңірдің дамуына қосқан көп жылғы еңбегінің лайықты бағасы болды.
Марапат иесін жоғары мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасына амандық және еңбегіне толағай табыс тілейміз!