Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Кейден кентінде антенна-діңгек мұнарасын орнату жобасы аяқталды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бастамасының арқасында кент тұрғындары тұрақты мобильді және интернет байланысына қол жеткізді. Бұл өмір сүру сапасын жақсартуға және компания қатысатын аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды қадам.
Жобаның жалпы құны 9,8 млн теңгені құрады.