Қазатомөнеркәсіптің HR және цифрландыру жөніндегі бас директоры ҚР ЦДИжАҒӨМ-нің «Үздік байланысшы» ведомстволық наградасымен марапатталды.
IT саласындағы көп жылдық еңбегі мен жетістіктері, оның ішінде бірыңғай корпоративтік телекоммуникация желісін құруға қатысқаны үшін Әлібек Алдоңғаровқа Ұлттық телекоммуникация қауымдастығының алаңында құрметті байланысшы төсбелгісі тапсырылды.
Бүгінгі таңда БКТЖ Қазатомөнеркәсіптің шалғайдағы өндірістік объектілерін де, Қызылорда және Түркістан облыстарының жақын маңдағы елді мекендерінің тұрғындарын да телекоммуникациямен қамтамасыз етіп отыр.
Сондай-ақ, «Үздік байланысшы» төсбелгісін «KAP Technology» ЖШС-тің цифрландыру және дамыту департаментінің басқарушы директорының міндетін атқарушы Қайрат Кипатов та алды.