К 30-летию Независимости Казахстана | 16 сентября 11:02

Қазатомөнеркәсіп отандық тауарөндірушілерді қолдауды жалғастыруда

«Қазатомөнеркәсіп» импортты алмастыру бағдарламасы аясында отандық тауарөндірушілерді қолдауды жалғастыруда.

 

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ импортты алмастыру бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бағдарлама отандық өнім үлесін арттыруға, жергілікті кәсіпорындармен ынтымақтастықты нығайтуға және ұлттық тауарөндірушілерге жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

Компания бастаманың аясында бизнес өкілдерімен тиімді өзара іс-қимылды жолға қойып, ашық әрі конструктивті диалог жүргізуді қамтамасыз етуде. Әсіресе өндірушілердің өзекті мәселелерін талқылауға және бірлесіп практикалық шешімдер іздеуге басымдық берілуде.

 

 

Екінші жыл қатарынан «Қазатомөнеркәсіп» отандық тауарөндірушілермен дөңгелек үстел өткізуде. Іс-шараның негізгі мақсаттары:

     сатып алуға қатысу рәсімдері жөнінде ақпарат беру;      компания тарапынан қолдау шараларын таныстыру;      өзара іс-қимыл тетіктері мен локализацияның перспективаларын талқылау.

Кездесу барысында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС мен «Қазатомөнеркәсіп» АҚ өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Онда төмендегілер кеңінен қарастырылды:

    өндірушілерді қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар;     бағдарламаның қол жеткізген нәтижелері;     қолданыстағы өзара іс-қимыл тетіктері;     мемлекеттік құрылымдардың бастамалары.

 

Өндірісті локализациялау және қуаттылықтарды кеңейту бағытындағы ынтымақтастықтың болашағына ерекше назар аударылды.

Бағдарлама 2019 жылы іске қосылғаннан бері тұрақты оң динамика байқалуда. Бүгінгі таңда жалпы құны 38 млрд теңгеден асатын оффтейк-шарттар жасалды. Бұл қабылданған шаралардың тиімділігін және өндірушілердің жоғары қызығушылығын айқындайды.

«Қазатомөнеркәсіп» Қазақстан машина жасаушылар одағымен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Бірлесіп мынадай жұмыстар жүргізілуде:

    кәсіпорындардың дайындығын бағалау үшін өндірістік нысандарға шығу;     жергілікті өндірісті кезең-кезеңімен дамыту мәселелері бойынша кеңес беру;     локализация процесінің ерекшеліктерін түсіндіру және ақпараттық қолдау көрсету.

Осылайша, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен импортты алмастыру бағдарламасын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып, отандық өндірісті локализациялауға ықпал етуде және ұлттық экономиканы нығайтуға, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындауға елеулі үлес қосуда.