К 30-летию Независимости Казахстана | 25 қараша 09:10

Қазатомөнеркәсіп пен Cameco әріптестікті күшейтеді

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов Cameco Corporation президенті Тим Гитцельмен кездесті.

Кездесу Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің V отырысы қарсаңында өтті. Кеңестің тең төрағалары – осы екі атом компаниясының басшылары. Алдағы отырыста мемлекеттік органдардың, дипломатиялық миссиялар мен бизнестің өкілдері екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Қазақстан мен Канада уран өндіру өнеркәсібінде ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік пен өзара ықпалдастықтың оң тәжірибесіне ие. Кездесу барысында «Қазатомөнеркәсіп» АҚ мен Cameco басшылары бірлескен жобаларды іске асырудың, сондай-ақ атом саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелері туралы пікір алмасты.