К 30-летию Независимости Казахстана | 13 ноября 12:55

Қазатомөнеркәсіп SDG Champions 2026 байқауының бас жүлдесін иеленді

Қазатомөнеркәсіп БҰҰ-ның өңірлік байқауында «Ірі бизнес» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды.

Марапаттау рәсімі «Еуразиядағы бизнес және тұрақты даму» тақырыбындағы SDG Forum Almaty 2026 аясында өтті.

Конкурсты Орталық Азиядағы БҰҰ Глобалдық шарты желісі өткізеді. Іс-шара өңір компанияларының тұрақты даму саласындағы жетістіктерін мойындауға бағытталған. Байқауға БҰҰ-ның Жаһандық шартына қатысушы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан ұйымдары қатыса алады.  

Тәуелсіз қазылар алқасы компаниялардың 2025–2026 жылдардағы қызметін Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге қосқан үлесі, іске асырылған бастамалардың нәтижелері, олардың қоршаған орта мен қоғамға әсері, инновацияларды енгізу, сондай-ақ қызметтің ашықтығы мен жауапты корпоративтік басқару сияқты бірқатар талаптар бойынша бағалады.

Қазатомөнеркәсіптің ұсыныстары экология және әлеуметтік жауапкершілікпен байланысты болды. Атап айтсақ, суды үнемдеу технологиялары, айналмалы сумен жабдықтау жүйелерін енгізу, суды алу және кәріз суларын төгу көлемін азайту, цифрлық және спутниктік экологиялық мониторинг жүргізу, өндірістік алаңдардағы бұзушылықтар мен оқиғалар санын азайту үшін ЖИ-талдауды қолдану.

Басқа да ұсынылған бастамалар арасында компанияның өңірлердегі әлеуметтік нысандар салу және жаңғырту бойынша жобалары мен «Murager» білім беру бағдарламасы бар. Оның аясында түлектер мен студенттер атом саласы үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға гранттар алады.

SDG Champions 2026 байқауындағы Қазатомөнеркәсіптің жеңісі Орталық Азияда тұрақты даму қағидаттары мен жауапты бизнес тәжірибелерін ілгерілетуге қосқан үлесінің мойындалуы болды.