К 30-летию Независимости Казахстана | 04 желтоқсан 16:35

Қазатомөнеркәсіп тұрақты даму саласындағы үздік компаниялар рейтингінде 126-орынды иеленді

Қазатомөнеркәсіп Time Magazine халықаралық журналының Statista статистикалық ұйымымен бірлескен нұсқасы бойынша «Тұрақты өсу саласындағы әлемнің үздік компаниялары» (World's Best Companies-Sustainable Growth) ТОП - 500 тізіміне енді.  

Бұл зерттеу тұрақты қаржылық жағдайды (кірістің өсуі және қаржылық тұрақтылық) сақтай отырып, тұрақты дамудың тамаша нәтижелерін көрсеткен әлемдегі ең жақсы компанияларды ұсынды.

Осылайша, Қазатомөнеркәсіп рейтингте 126-шы орынды және инфрақұрылым мен ресурстар өндірісі секторындағы компаниялар арасында 6-шы орынды иеленді.

Айта кетейік, ұлттық атом компаниясы осы тізімге енген жалғыз қазақстандық компания болып отыр.

Бұл тұрақты даму саласындағы үздік тәжірибелерді енгізудің оң нәтижелерін көрсететін Қазатомөнеркәсіп үшін елеулі жетістік.