Жиында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы талқыланды.
Қазатомөнеркәсіптің HR және цифрландыру жөніндегі бас директоры Әлібек Алдоңғаров Қазатомөнеркәсіптің өз қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа парасаттылық пен «нөлдік төзімділік» идеологиясын ілгерілете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Анар Жарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі ретінде Қазатомөнеркәсіп қызметкерлеріне стратегиялық құжаттың қалай құрылғанын, оның негізгі міндеттері мен іске асыру бойынша жоспарланған шараларды егжей-тегжейлі айтып берді.
Қазатомөнеркәсіптің комплаенс қызметінің басшысы Самат Сарбасов Қазатомөнеркәсіптің комплаенс-жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары туралы әңгімеледі және Компанияның жария мәртебесін ескере отырып, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ғана емес, сонымен қатар листингтік ережелерді сақтау, санкциялық комплаенс, экологиялық комплаенс және тағы басқа элементтерді де қамтитынын атап өтті.