Бағдарламаның екінші легінің мамандары 2021 жылғы 25 қыркүйекте жұмысқа кіріскен болатын. Былтыр жарияланған байқауға 800-ден астам өтінім түсіп, солардың арасынан 8 үміткер іріктеп алынды.
«Ізбасар» бағдарламасы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жас мамандарды дамыту бағдарламасы. Ол 2020 жылы жоғары оқу орындарының үздік талантты түлектерін тарту және оларды кейіннен Қор компанияларында жұмысқа орналастыру үшін «Самұрық-Қазына» АҚ негізін қалаған «Жас Өркен» жобасы шеңберінде құрылды. Бағдарламаның мақсаты – жас мамандарды кәсіби тұрғыдан дамыту.
IZBASAR бағдарламасы:
Жұмыс барысында оқыту. Бағдарлама «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобында әрқайсысы 5 айдан 3 ротацияны қамтиды; Жеке-іскерлік және кәсіби құзыреттерді дамыту бойынша сарапшылар ротацияаралық оқытады; Атом саласының тәжірибелі басшылары мен үздік сарапшылары жеке тәлімгер болып жұмыс істейді; Ротация аясында ақы төленетін тағылымдамадан өту, бағдарлама барысында жол жүру және баспана ақысын төлеу мүмкіндігі; Бағдарламаны сәтті аяқтаған кезде жұмысқа орналасу.2022 жылы үміткерлерді қабылдау сәуір айының соңында басталады.