«Қазгермұнай» БК» ЖШС Геология және игеру департаментінің директоры Думан Ахметов Formation Evaluation (Қабатты бағалау) бағытында SPE (Society of Petroleum Engineers) инженер-мұнайшылар қоғамының беделді өңірлік сыйлығының жеңімпазы атанды.
Мұнай инженерлері қоғамы (SPE) — көмірсутектерді барлау, игеру және өндіру бойынша техникалық білімді жинауға, таратуға және бөлісуге арналған дүниежүзілік кәсіби ұйым.
Өңір бойынша марапат техникалық салаларға ерекше кәсіби үлес қосқан қоғам мүшелеріне беріледі.