Бұл қор — «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы.
2023 жылы төрт жоба жүзеге асырылды:
«IQanat-Жарқын болашақ» жобасы бойынша — Жаңаөзен қаласы мектептерінің 50 оқушысы IQanat High School Burabay мектебіне білім гранттарын жеңіп алды; «Жарқын болашақ» жобасы — Жаңаөзен қаласының 177 оқушысы республика бойынша колледждерде оқуға білім гранттарының иегері атанды; «Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының дәрігерлік амбулаториясының материалдық-техникалық базасын рентген аппаратын сатып алу арқылы нығайту» жобасы; 2022–2023 жылдар аралығында Маңғыстау облысының екі елді мекенінде 21 балалар спорт алаңын салу.ҚМГ-ның еншілес кәсіпорындары — Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Павлодар облыстарының жергілікті қоғамдастықтарына сомасы 1,1 млрд теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.
2023 жылы ҚМГ Орал қаласында көпфункционалды спорттық сауықтыру кешенін салу бойынша жұмысты бастады. Құрылыстың аяқталу мерзімі — 2024 жылдың желтоқсаны.