К 30-летию Независимости Казахстана | 03 июня 12:45

ҚазМұнайГаз 2025 жылдың қорытындысы бойынша 350 млрд теңге дивиденд төлейді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2026 жылғы 29 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындысын жариялайды.

Акционерлер Компанияның дивиденд саясатын басшылыққа алып және 2025 жылғы аудиттен өткен қаржылық көрсеткіштер негізінде ҚазМұнайГаздың бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін 573 теңге 66 тиын көлемінде бекітті. Дивиденд ҚМГ-ның 2025 жылғы пайдасынан төленеді.

Дивидендтің жалпы сомасы 350 млрд теңгені құрайды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд 2026 жылғы 30 мамырда жергілікті уақытпен сағат 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша (GMT+5) акционерлер тізілімінде тіркелген тұлғаларға 2026 жылғы 5 маусымнан төлене бастайды.

Баспасөз хабарламасының толық нұсқасын ҚМГ сайтынан оқи аласыздар.