К 30-летию Независимости Казахстана | 25 ноября 14:18

«ҚазМұнайГаз» 2025 жылғы 9 айдағы қаржы нәтижелерін ұсынды

Қордың портфельдік компаниясының 2024 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі негізгі қаржы көрсеткіштері:

Түсім 6 349 млрд теңгемен (13 838 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 7 058 млрд теңгені (13 565 млн АҚШ долларын) құрады; EBITDA көрсеткіші 1 611 млрд теңгемен (3 510 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 1 800 млрд теңгені (3 459 млн АҚШ долларын) құрады; Бірлесіп-бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесті қоса алғанда, компанияның таза пайдасы 867 млрд теңгемен (1 890 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 978 млрд теңгені (1 880 млн АҚШ долларын) құрады; Бірлесіп-бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдачындағы үлесіне түзетілген таза пайда 1 018 млрд теңгемен (2 220 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 1 181 млрд теңгені (2 270 млн АҚШ долларын) құрады; Бос ақша ағыны 1 012 млрд теңгемен (2 207 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 1 095 млрд теңгені (2 104 млн АҚШ долларын) құрады; 2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы қарыз 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 3 967 млрд теңгемен (7 555 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 4 126 млрд теңгені (7 515 млн АҚШ долларын) құрады; Компанияның таза қарызы 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 1 163 млрд теңгемен (2 214 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 2025 жылғы 30 қыркүйекте 496 млрд теңгені (904 млн АҚШ доллары) болды.