Тараптар көмірқышқыл газын ұстау арқылы экологиялық таза SAF және төмен көміртекті сутегін өндіруде ынтымақтасуға, сондай-ақ өндіріс экономикасына айналмалы шешімдерді енгізуге ниетті. Шикізат қалдықтары қоршаған ортаға әсерді азайта отырып, қайта пайдаланылады, қайта өңделеді және қалпына келтіріледі. NextChem өзінің NX SAF BIO және NX Circular сияқты инновациялық технологиялары, сондай-ақ Waste-to-X шешімдері, NX AdWinHydrogen және NX AdWinMethanol арқылы тұрақты инновацияларды ынталандырып, қалдықтарды құнды химиялық ресурстарға айналдыра алады.
Maire Tecnimont тобының бас директоры Алессандро Бернини Қазақстан энергетика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде Италия үшін стратегиялық және құнды серіктес екенін атап өтті.
«Қазақстанның ресурстарын біздің технологияларымыз және инженерлік ноу-хауымызбен біріктіру тұрақты және төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшудің бірегей мүмкіндігі болып табылады. Біз осы жолмен бірге жүруге тырысамыз», - деп атап өтті Maire Tecnimont басшысы.